Жуырда Корея елінің Чинджу қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты аяқталған болатын. Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсеткен шымкенттік Нұрғиса Әділетұлы алтын медальді иеленіп,Азия чемпионы атанған еді. Елдің даңқын асырған ерекше талант иесі туған елге оралды.
Ауыр атлетика спортының жайы Қазақстоанда мәз емес. Қаншама спортшылар рұқсат етілмеген дәрілер қабылдады деген айыппен медальдарынан айырылғаны белгілі. Сондықтанда жаңа буын спортшыларды тәрбиелеу басты мәселе болып тұр. Соның айғағы спортшымыз азия чемпионы атанды. Ал,тағы бір жерлесіміз Арли Чонтей қола медальға ие болды.
Шымкент қалалық ауыр атлетика федерациясы қоғамдық бірлестігінің президенті Асан Балтабай, Азия чемпионатының жеңімпазы мен жүлдегерін және олардың жаттықтырушыларын құттықтап, арнайы бағалай сертификат табыстадыАуыр атлетикадан қалалық спорт мектебінің директоры Мұрат Жылқыбай Нұрғисаның рейтінгі әлем бойынша көш басына көтерілгенін айтты.
Дарынды спортшыларды тәрбиелеген бапкерлер Жәнібек Кішкенбаев пен Михаил Скоринге осындай құрмет жасалды. Жеңімпаз атанған Нұрғисаның анасы да спортқа жан-тәнімен берілген жан екен. Баласының бірінші- жанкүйері. Француз тілінен дәріс беретін ұстазымыздың ұлы Нұрғиса алыптың Париж олимпиадасында алтын медальді жеңіп алуына тілектеспіз!