Биыл Абай ауданында 2 елді мекенге табиғи газ беріледі. 2024-25 жылдары тағы 5-еуі дайын тұр. Ал толық көгілдір отынға аудан халқы 2025 жылы қосылады екен. Бұл жөнінде аталған аудан әкімі Бұхарбай Парманов мәлімдеді.
Аудан аумағы бойынша 27 елді мекеннің 25-і мемлекеттік электр жарығымен қамтылып отыр. 2 елді мекенді Асар-2 шағын ауданындағы 11 060 халық 70% қамтылған. Мерзімі 2023 жылы. Қайнарбұлақ тұрғын алабы 8160 халық 24 % қамтылған. 2022 жылы құрылыс жұмыстары басталды. Жоба құны 2,6 млрд. теңге. Биыл аяқталады.
Қайнарбұлақ тұрғын алабында электр жарығы 350 абонентте жиі өшеді екен. Бұл проблема біраздан бері шешілмей тұр. Электр желісі Сайрам ауданындағы Қасымбек датқа ауылындағы электр станциясына қосылған. Өшкен жағдайда Сайрам ауданынан бригада қызмет көрсетеді. Қайнарбұлақ т.а электр жарығының құрылыс жұмыстары толығымен аяқталған соң, қалалық М-1 электр станциясына қосу жұмыстары жүргізілетін болады. Осылайша мәселе шешіледі екен.
Абай ауданында көше жарықтандыру мәселесі әлі де бар. Биыл мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында аудандағы 54 көшеге жарықшам орнату жоспарланды. Соның өзінде қамту көрсетікші 13,6 пайызға жетеді. Ал 2024-2025 жылдары жарықтандырлған көше санын 410-ға жеткізу көзделген. Әлеуметтік нысанға келсек, ауданда мектеп саны – 29, жеке меншік 16. 7 мектеп жетіспейді. 2 елді мекенде білім ошағы атымен жоқ. Кемшілікті жою үшін 2023-2025 жж. «Жайлы мектеп Ұлттық жобасы» аясында 7 мектеп салу жоспарланып отыр.