«Есірткіге жол жоқ!» акциясына Шымкент қалалық мәслихат депутаты, партия жанынан құрылған Жастарды қолдау кеңесінің төрағасы Балабиев Нұрсұлтан Қайратұлы және Шымкент қаласы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Карбеков Бауыржан Қанатұлы және Шымкент қаласы Прокуратурасының өкілдерімен қоса учаскелік инспектор Байбанов Берік Мұхтарұлы және Жастар қанатының белсенділері қатысты.
Рейдтік шарада есірткі жайлы жазбалар мен суреттер, телеграм ссылкалар өшіру бойынша жұмыстар жүргізілді.
Айта кетейік, синтетикалық есірткі мәселесі қазір ушығып тұр. Соңғы 3 жылда елімізде тәркіленген синтетикалық есірткінің көлемі 10 есе көбейген: (2019 ж. - 10 кг, 2022 ж. 6 айында – 100 кг). Қазір синтетикалық есірткінің түрі 50 есеге артқан.
Бүгінде Мемлекет басшысының бастамасымен есірткі заттарына қарсы кешенді жоспар дайындалуда. Аталған жоспар жүзеге асып, ұрпағымызды у-дан сақтап қаламыз.
«AMANAT» партиясы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі республикалық Кеңесі бұл мәселені жан жақты талқылап, тиісті құзырлы орындарға ұсыныс пен талаптар жолдады.