09.08.2023 в 16:32

Бірлескен отырыс өтті

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңесі және «Жер Аманаты» комиссиясымен бірлескен отырысы өтті.
     
Жиынды «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы Атқарушы хатшысының міндетін атқарушы Тулегенов Бекайдар Мұсаұлы ашып, жүргізді.

Сондай-ақ, отырысқа «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңестің төрайымы Ж.Таңатарова, кеңес мүшелері және «Жер Аманаты» комиссиясының мүшелері, қалалық мәслихат депутаттары, «AMANAT» партиясының фракция мүшелері, қоғамдық бірлестіктердің мүшелері, партия белсенділері, БАҚ өкілдері және қаланың сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысының м.у.а. Н.Жунусбеков қатысты.
    
Күн тәртібінде «AMANAT» партиясының 2023-2027 ж.ж. «Халықпен бірге!» атты Шымкент қаласының сайлауалды бағдарламасының орындау үшін әзірленген Жол картасындағы Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасына қатысты тармақтардың орындалу барысы және басқарма тарапынан 2022-2023 жылдары сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын алу бойынша атқарылған жұмысы тыңдалды.

-    «Сыбайлас жемқорлықты алдын алу үшін партияның республикалық және қалалық сайлауалды бағдарламасында нақты көрсетілген. Алдағы уақытта сол негізге сүйене отырып, нақты қадамдар жасау керекпіз. Сыбайлас жемқорлықты болдырмау – әрбірімізге жүктелген міндет» - деді Б.Тулегенов.