Бүгін «AMANAT» партиясы Әл-Фараби аудандық филиалына қарасты «Қайнар» бастауыш партия ұйымының жиналысы өтті. Жиынды партияның Әл-Фараби аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Есенбек Арай Пердешұлы төрағалық етіп, жүргізді.
Күн тәртібіне сәйкес «Қайнар» БПҰ-ның 2021-2022 жылдың қорытындысы бойынша есебі тыңдалды. Сондай-ақ БПҰ-нан Әл-Фараби аудандық филиалының XLIX (49) конференциясына делегаттар сайланды.
«Қайнар» бастауыш партия ұйымында – 722 партия мүшесі болса, 238 жұмыс жасаушы, 180 студент, 111 декреттегі ана, 75 жұмыссыз, 115 зейнеткер. Партия қатарына қосылып жатқан жаңа студенттер саны күн санап артуда.
«Қайнар» бастауыш партия ұйымының жоспарына сәйкес «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламаларын кезеңімен жүзеге асырып келеді. Партияның «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында Әл-Фараби ауданындағы қарт кісілердің үйлерін аралап, тұрмыс- тіршілігімен танысып, оларға үй тірлігіне қатысты маусымдық тазалық жұмыстары жүргізіліп тұрады. 9 мамыр -Ұлы жеңістің 78 жылдығына байланысты аталмыш партиялық жоба аясында ҰОС және тыл ардаргерлерін құттықтап, сый-құрмет көрсетілді.
«AMANAT» партиясының 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөнінде бағдарламаның әр бағыты: «Қазақстандық отбасылардың әл-ауқаты», «Табысты әйелдер», «Аға буын өкілдеріне қамқорлық», «Ерекше мүмкіндіктері бар адамдарға қолдау», «Сенімді жұмыс орындары», «Гүлденген ауыл», «Халыққа қызмет ететін мемлекет», «Әділетті құқық қорғау жүйесі» және өзге де мақсатты шаралардың жүзеге асуына барынша қолдау көрсетіп жұмыс жүргізіп келеді.