Шымкент қаласы, Қаратау ауданына қарасты “Достық” бастауыш партия ұйымында “AMANAT” партиясының “Бақытты отбасы” жобасы аясында “Баланы мектепке дайындайық” қайырымдылық акциясы өз жалғасын тапты.
Акцияның негізгі мақсаты - аз қамтылған және көп балалы отбасы, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңіне қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу болып табылады.
Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, фракция мүшесі Наймбекова Айжан Ізбасханқызы өз үлесін қосып, 20 оқушыға жаңа оқу жылы қарсаңында мектепке қажетті құрал-жабдықтарды сыйға тарту етті. Өз кезегінде ата-аналар, оқу жылы қарсаңында балаларын мектепке даярлауға жәрдем берген аманаттықтарға алғысын білдірді.