24.08.2023 в 14:20

ҮШ АУЫСЫМДЫ МЕКТЕПТЕР АЗАЯДЫ

ҚР Парламент Мәжіліс депутаты,  фракция мүшесі Болатбек Нажметдинұлы, қалалық мәслихат депутаты Лазиз Сулайманов, Қаратау ауданының әкімі Рахымберді Мүлкіманов пен Қаратау аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Әбдез Иманқұлов “Нұртас” шағын ауданында мемлекеттік жеке меншік әріптестік аясында салынып жатқан мектептің құрылысымен танысты. 

Бір ауысымда 1425 оқушыны қабылдайтын жаңа мектеп қараша айында пайдалануға беріледі. Бұл жоба «AMANAT» партиясының Шымкент қаласына арналған «Халықпен бірге!» деп аталған сайлауалды бағдарламасында қарастырылған.

Құрылыс қарқынды жүргізіліп жатыр. Мемлекеттік жеке меншік әріптестік аясында салынып жатқан мектептер қаладағы үш ауысымда оқитын және апатты жағдайдағы мектептердің азаюына ықпал ететін болады.