29.08.2023 в 17:51

КОНСТИТУЦИЯ КҮНІНЕ ОРАЙ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалында Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында, «Ата Заң – Тәуелсіздігіміздің кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараға филиал және аудан қызметкерлері қатысты.

Қалалық партия филиалының Атқарушы хатшысы Бектаева Жанар Әлібекқызы ұжымды Конституция күнімен құттықтап, бұл күннің маңыздылығына тоқталды. Ата заңның бүкіл құқықтық жүйенің өзегі бола тұра, өзге заңдардың мәні мен мағынасын айқындай түсетінін, республиканың тұрақты және үдемелі дамуының берік іргетасы болып табылатынын баса айтты.

Бұдан кейін қатысушылармен Конституцияның референдум кезінде өзгертілген баптары талқыланып, мән-маңызы тарқатылып айтылды. Шара соңында белсенді қызметкерлер марапатталды.