15.09.2023 в 17:36

ЖОЛДАУ ҚАРҚЫНДЫ НАСИХАТТАЛУДА

«Ақпараттық керуен» акциясы аясында Шымкент университетінің жастарына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жолдауын насихаттау мақсатында кездесу өтті.

Кездесу барысында «AMANAT» партиясы ШЫмкент қалалық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары Е.Айтбаев мәслихат депутаттары, фракция мүшелері Л.Сулайманов, М.Керимжанов  Мерлан Абдрахманұлы,  А.Зейнетаев, Т.Балтабаев, «Жастар Рухы» Жастар қанаты қалалық филиалының төрағасы Е.Жүнісбек Ердаулет Асқарұлы Жолдаудың жастарға арналған бағыттарын кеңінен айтып өтті.

Оның ішінде білім беру саласында техникалық салаға баса назар аударылып, гранттардың саны артатынын айтты. Сонымен қатар Қазақстан көп салалы, өндіруші мемлекетке айналуын  қарқынды қолға алу керектігін ескертті. Бұл Қазақстанның шын мәнініде дамуына  жол ашуы ықтимал. Суды қолдануды үнемдеп, су қорларын күшейтіп, суды экономдайтын технологияны ендіруді ұсынды. 

Біздің еліміздің аумағынан өтетін халықаралық дәліздер мен халықаралық жолдарын қалыптастыру көптеген салаларды стратегиялық тұрғыдан тікелей қалыптастырып дамытады деп санаймыз. Әсіресе, кавказ елдері арқылы қара теңізге және еліміздің оңтүстіктегі елдер арқылы парсы шығанағына халықаралық теміржол мен автомобиль жолдарын салуға нақты ұсыныстардың бар екендігі көрініп тұр.

#AMANAT