18.09.2023 в 18:03

ЖОЛДАУДЫ ЖАН-ЖАҚТЫ НАСИХАТТАУ ЖАЛҒАСУДА

Мемлекет Басшысының Жолдауын кеңінен насихаттау мақсатында мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Ж.Бектаева, Әл-Фараби аудандық филиалының төрағасы, мәслихат депутаты, университет ректоры Д.Қожамжарова және Әл-Фараби аудандық филиалының Атқарушы хатшысы А.Есенбек М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ұжымымен кездесті. 

Жетістіктер танылып, кемшіліктер анықталды. Алдағы міндеттерді өлшеуге және санауға болатын қысқа және орта мерзімді перспективаға назар аударылды. Жолдауда соңғы жаһандық геосаяси ахуал ескеріліп, су, энергетика, байланыс, сауда және т.б. салалар кеңінен қозғалды. Қазақстан мүмкіндіктерді барынша пайдалана алатынына және технологиялық инновацияларды жеделдетуде, шектеулі ресурстар үшін бәсекелестікті күшейтуде және болып жатқан іргелі өзгерістерде бір қадам алда қалуына баға берілді, - деді Ж.Бектева. 

Кездесуде Жолдаудың жүзеге асырылуы бойынша жүктелген негізгі міндеттерді талқыланды. Білім ордасының профессор-оқытушылар құрамы көптеген тың идеяларымен бөлісіп, Жолдаудағы негізгі тармақтар бойынша пікір алмасты.