25.09.2023 в 16:46

Жолдауының басым-бағыттарын насихатталып, жүктелген негізгі міндеттер талқыланды.

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі аймақтық кеңес және Аймақты дамыту өңірлік кеңесінің бірлескен отырысы өтті. Жиынға, кеңес төрағалары және кеңес мүшелері қатысты. 
Күн тәртібінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауының басым-бағыттарын насихатталып, жүктелген негізгі міндеттер талқыланды.
Мемлекет басшысының халыққа арнаған биылғы Жолдауда ел дамуының бағыт-бағдары бағамдалып, жаңа міндеттер жүктелді. «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» деп аталатын Президент Қ.К.Тоқаевтың Жолдауында негізінен әлеуметтік-экономикалық бағытқа басымдық берілді. Жолдауда соңғы жаһандық геосаяси ахуал ескеріліп, су, энергетика, байланыс, сауда және т.б. салалар кеңінен қозғалды. Қазақстан мүмкіндіктерді барынша пайдалана алатынына және технологиялық инновацияларды жеделдетуде, шектеулі ресурстар үшін бәсекелестікті күшейтуде және болып жатқан іргелі өзгерістерде бір қадам алда қалуына баға берілді. Жолдауда көрсетілген бағдарламалар бәрі халыққа жасалып отырған үлкен қолдау.

#AMANAT