25.09.2023 в 16:58

ЕҢБЕК АДАМДАРЫ ЖОЛДАУДЫ ҚОЛДАЙДЫ

Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Ж.Бектаева және Еңбекші аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Г.Жартыбекова «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағындағы "Әлем-БТ" кәсіпорнының еңбек ұжымымен кездесіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі басым-бағыттарын түсіндірді.

- Еңбек күшін ұйымдастыру, кадрға арқа сүйеу бүгінде өзекті тақырып болып қала бермек. Мемлекет басшысы осы мәселеге назар аударып, еңбек адамының рөлін арттыру туралы осы Жолдау да нықтап айтты. «Еңбек – бәрін жеңбек» қоғамның ұранына айналу үшін де көзқарастық, ақпараттық ықпал ету құралдары арқылы үздіксіз жұмыс жүргізілуі керек. Әсіресе еңбекті бағалау, өз саласының маманы болу, адал қызмет ету сынды құндылықтарды балаларымыздың бойына кішкентай күннен сіңіргеніміз абзал. Сонда ғана қоғамдық санадағы масылдық, енжарлық секілді қасиеттерді жоя аламыз, - Ж.Бектева. 

«Әлем-БТ» шұлық фабрикасы Шымкенттегі ғана емес, еліміздегі ең ірі кәсіпорындардың қатарында. Кәсіпорын өкілдерінің мәліметінше, өнімнің 95 пайызы экспортқа шығарылады. Кездесу соңында кәсіпорын жұмысшылары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, өтініш-тілектерін білдірді.