19.10.2023 в 17:45

АЗАМАТТЫҚ СЕКТОРДЫ ДАМЫТУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРУ ҚАЖЕТ

Қазақстанның XI Азаматтық форумы 600-ден астам делегаттың қатысуымен Астана қаласында өтуде. Ауқымды іс-шараға белсенділер, үкіметтік емес ұйымдардың көшбасшылары, мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастықтардың өкілдері ел дамуының және жаһандық сын-қатерлерді еңсерудің өзекті мәселелерін талқылауда.

«AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошанов Қазақстанның ХІ Азаматтық форумының жұмысына қатысып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау сөзін оқыды. 
«Қазақстанда болып жатқан ауқымды өзгерістер жаңа қоғамдық этиканы қалыптастыруды талап етеді. Ол әділеттілік пен гуманизмге, өзара сенім мен жауапкершілікке, заң мен тәртіпке, еңбекқорлық пен білімге негізделуі керек. Мемлекет пен үкіметтік емес сектордың тығыз ынтымақтастығы елдің жан – жақты дамуына және Әділетті Қазақстанның құрылуына ықпал ететініне сенімдімін", - делінген Мемлекет басшысының құттықтауында.
Ол үкіметтік емес ұйымдар Президенттің барлық маңызды бастамаларының драйвері болуы және елдегі демократиялық өзгерістердің қайтымсыздығының кепілі болуы тиіс екенін атап өтті.

Мәжіліс Спикері өз сөзінде Презденттің бастамасымен елімізде мемлекеттік билік институттарын жетілдіруге және азаматтық қоғамды дамытуға бағытталған реформалар жүзеге асырылып жатқандығына тоқталды. Мәжіліс спикерінің айтуынша, Ашық диалог пен барлық заң шығару үдерістерінің ашықтығы бүгінде депутаттар жұмысының басты қағидаты болып табылады. Ол сондай-ақ бүгін Мәжілістегі барлық заң шығару жұмыстары қоғамдық пікірге ерекше назар аударылатынына тоқталып, Азаматтық қоғам белсенділерін Мәжілістің заң шығару жұмысына қатысуға шақырды.