«AMANAT» партиясының «Отбасы мәселелері және халықты әлеуметтік қорғау» жөніндегі республикалық кеңесінің төрайымы Д.Закиеваның хаттамалық тапсырмасына сәйкес, 2023 жылы күрделі жөндеу жұмыстарынан өткен интернаттарға «Отбасы мәселелері және халықты әлеуметтік қорғау» жөніндегі аймақтық кеңесінің төрайымы Э.Созақбаева және Партия филиалының Саяси бөлімінің меңгерушісі Е.Байқонысов Шымкент қаласының Білім басқармасына қарасты Оқушылар сарайының жанындағы «Ақсу» сауықтыру демалыс орнына зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Демалыс орны 1986 жылы салынған. 200 орындыққа лайықталған, 3 қабатты ғимарат 60 бөлмеден тұрады. Лагерь мезгіліне 1200-1500 баланы қабылдауға мүмкіндігі бар. Оқушылар сарайының директоры Б.Мұстафаев аталған ғимарат 2009 жылы Білім басқармасына беріліп, сол кезден бастап ғимаратта ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп келе жатқанын айтты. Бүгінгі күні ғимараттың ескіргені соншалық дуалдары дымқылданған. Бұл балалардың денсаулығына зиян келтіретіні сөзсіз. Сыртқы жабдықтары әбден тозған, пандус ережеге сай келмейді. Әжетхана мен асхананың тозығы жеткен.
Зерделеу жұмыстарының қорытынды негізінде Білім басқармасының өкілі Е.Пірімбетовке демалыс орнын күрделі жөндеуден өткізу үшін сметалық құжатын жасауды тапсырды. Бұл депутаттық сауал ретінде фракция мүшелерімен мәслихатқа ұсынылатын болады.