17.11.2023 в 14:31

АТҚАРУШЫ ХАТШЫ СТУДЕНТТЕР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Бүгін Халықаралық студенттер күні. Бұл - жастардың ең жарқын мерекелерінің бірі. Мемлекетіміздің өркендеп, дамуы да білімді, білікті, өресі биік, рухы мықты жастардың қолында. Мерекеге орай, партия жобаларына қатысып, белсенділік танытып жүрген біршама жастарды қалалық филиал Атқарушы хатшысы Жанар Бектаева құттықтады. «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібектің Алғыс хатымен табыстап, марапаттады.

Қазіргі таңда дүниежүзінің студенттері осы атаулы мерекені әртүрлі деңгейде атап өтеді. Бұл мерекенің студенттерді біріктіріп, олардың университет қабырғасындағы өмірлерінің мәнді де, қызықты өтуіне себепші болатындығын атап өткен жөн.

«Студенттер әрқашан қоғамның белсенділігін жоғарылатып, мемлекеттің негізін құрайтын ең ерекше жастар тобы. Осы бір шақта өз-өзіңді көрсетіп, шыңдалу мүмкіндіктерімен қатар, креативті идеяларға толы қымбат кезең. Сондықтан барша студенттерді мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын!» - деді Ж.Бектаева.