04.01.2024 в 17:23

БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ БЕЛЕСТЕР

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Исабеков Данабек Ержанұлы Шымкент қаласына іс-сапармен келді.  Жұмыс кестесіне сәйкес алғашқы іс-шара Абай ауданына қарасты «Жас түлек» бастауыш мектебінің ұжымымен кездесуден басталды. 

Кездесуге Абай ауданының әкім орынбасары Г. Асылбекова, «AMANAT» партиясы Абай аудандық филиалының атқарушы хатшысы Е.Бертаев пен «Жас түлек» бастауыш мектебінің қызметкерлері қатысты. 

Данабек Ержанұлы кездесу барысында мектептің стандартқа сәйкес салынғанын, білімгерлерге жасалған жағдай барысымен танысты. Ары қарай қатысушыларға мәжілісте қабылданып жатқан заңдық өзгерістер бойынша түсіндірме беріп, сұрақтарына жауап берді.  Данабек Ержанұлы өз сөзінде балалардың тәрбиесіне, біліміне, қауіпсіздігіне үлкен мән беру керектігін, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін пәндердің болуын және оның бастауыш мектептерден басталу керектігі атап өтті.