15.01.2024 в 18:28

АРДАГЕРЛЕР ЖАСТАРДЫ ПАТРИОТИЗМГЕ ШАҚЫРДЫ

Ауған соғысы Кеңес Одағы кезіндегі қайғылы тарихи оқиғалардың бірі. Биыл ақпанның 15-і күні Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен толықтай шыққанына 34 жыл толмақ. «AMANAT» партиясының «Еңбек адамы» партиялық жобасы аясында Шымкент аграрлық – техникалық колледжі студенттері Ауған соғысы ардагерлерімен кездесті.  Ауған соғысының ардагерлері Ауғанстандағы әскери қызметі туралы естеліктермен бөлісті.
     Кездесудің басты мақсаты – жастардың патриоттық сезімін ояту әрі дамыту. Ауған соғысының ардагерлері жастарға соғыс уақытында көрген қиыншылықтары мен «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол!» деген мақалдың тектен текке айтылмағандығын түсіндірді. Жастар да ардагерлерге өз сұрақтарын қойып, әсерлі кездесу болды.