02.02.2015 в 14:13

Үкімет Қытаймен шекара пункттеріне қатысты келісімге ниетті

Қазақстан және Қытай үкіметі екі ел шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы екіжақты келісімге өзгерістер енгізуге ниетті, деп хабарлады ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметінен.

«Бүгінде «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәліз жобасын жүзеге асыру мақсатында Келісімге («ҚР үкіметі мен ҚХР үкіметі арасындағы қазақстандық-қытайлық мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері және олардың жұмыс режімі туралы 2012 жылдың 6 маусымындағы келісімі») өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Хаттамаға қол қою қажеттілігі туындады», - делінген хабарламада.

Аталып өтілгендей, бұл Хаттамаға қол қою қазақстандық-қытайлық шекарада жаңа «Нұр жолы» өткізу бекетінің ашылуын қамтамасыз етіп, ҚР және ҚХР арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жақсаруына жол ашады.

Қазақпарат