Америка құрама штаттарының Қазақстандағы елшісі болып тағайындалған Джордж Крол (суретте) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа сенім громатасын тапсыруды асыға күтіп отыр екен.
Қазір ол Астанадағы елшілік үйіне түбегейлі қоныстанды, деп жазады abai.kz. Елімізге елші болып тағайындалғанға дейін АҚШ мемлекеттік департаментінде Оңтүстік және Орталық Азия елдері бойынша мемлекеттік хатшының көмекшісі болған Кролға аймақтың ау-жайы бөтен емес. Әріректе көрші Өзбекстанда елші болып қызмет атқарып кеткен.