Украинаның шығысындағы қарулы қақтығыс елді күніне 5-10 млн доллар шамасында шығынға батырады. Бұл туралы Украинаның қаржы министрі Наталия Яресько АҚШ-тықтармен болған телеконференцияда мәлімдеді.
Оның айтуынша, қақтығыстың "бағасы" маңызды емес, ол жердегі қаза тапқандардың саны 5 мыңнан асқан, ал босып кеткендердің жалпы саны - 650 мың адам. Яресько босқындардың бәрі Украина билігінің әлеуметтік қамқорлығында екенін мәлімдеді.
Елдің шығысындағы қарулы қақтығыс салдарынан мемлекет 20 пайыз экономикасынан және 7 пайыз территориясынан айырылған.