05.02.2015 в 17:14

Нығматулин жауапты хатшыларды жинады

Президент Әкімшілігінің Басшысы Н.Нығматулиннің төрағалығымен орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары қатысқан кеңес өтті.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Кеңесте министрліктердің стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді орындау, персоналды және бюджет қаражаттарын басқару, мемлекеттік қызмет көрсету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету және құқықтық қамтамасыз ету салаларындағы жұмысының өткен жылдағы қорытындылары талқыланды.

Н.Нығматулин жиналысты қорытып, жауапты хатшылар жұмысындағы анықталған кемшіліктерді жою және Мемлекет басшысының актілері мен тапсырмаларын мүлтіксіз орындау жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Президент Әкімшілігінің орталық атқарушы органдардың жауапты хатшыларының қызметін қадағалау жөніндегі жұмысы бұдан әрі жалғасатын болады.