09.02.2015 в 15:24

Оппозиция революция жасамақ па?

АҚШ пен Түркияға сапарлап қайтқан оппозициялық саясаткерлердің революция жасамақ ойы бар деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы қырғызстандық «Азаттыққа» Жоғорғұ Кеңеш депутаты Равшан Жээнбеков мәлімдеді.

«Бізді мемлекеттік ақпарат құралдары революция жасамақ деп қаралап жатыр. Шын мәнінде оппозициялық саясаткерлердің ешқайсысында ондай бөтен ой жоқ. Біз аталған мемлекеттерге экономикалық  дағдарыстан шығуға және елімізде азаматтық қоғамды дамытуға көмек сұрай бардық» дейді депутат.  23-қаңтар күні қырғызстандық бір топ опоозициялық саясаткер АҚШ-қа ұшып кеткен болатын. Одан кейін Түркияға аялдаған олар Қырғызстанға 7-ақпанда ғана оралған.