10.02.2015 в 14:13

Қазақстанда бензин арзандады

Бір сағат уақыт бұрын Қазақстанда жанар-жағар май бағасы арзандады. Нақтырақ айтқанда халық көп тұтынатын АИ-92 маркалы бензин құны 31-желтоқсан күні 109 теңгеге арзандаған болатын. Бүгін жанар-жағар май бекеттерінде бұл марканың түрі 100-102 теңге арасы болып тұр. 

Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде брифинг өткізген "ҚазМұнайГаз" АҚ басқарма төрағыасы Сауат Мыңбаев былай деген болатын. «ЖЖМ құнының арзандауы салдарынан бiздiң зардап шегiп отырғанымыз түсiнiктi. Бағаның төмендеуiнен тұтынушылардың, халықтың пайда көретiнi анық. Нарықтық баға сондай болса, бiз соған сәйкес жұмыс iстеймiз. Бiзде одан басқа қандай таңдау бар? Бұдан басқа амал жоқ. Iшкi нарықтағы ЖЖМ бағасына қатысты болжамдарға келетiн болсақ, министрлiк шектi бағаларды бекiтетiнiн бiлесiздер. Алайда олардың деңгейiн жанар май құю стансаларында реттемейдi. Болашақта бағаның түсуiн күтiп отырмыз ба деген сауалға келсек, бұл әбден мүмкiн. Себебi, қоймалардағы жанар-жағармайдың жеткiлiктi көлемi одан тезiрек арылу шарттарын туындатады. Оның үстiне, мұнай өңдеу зауыттарына белгiленген жүктеме министрлiк пен мұнай өндiрушi компания тарапынан төмендетiлмеген. Зауыттар өздерiне белгiленген ЖЖМ көлемiн iшкi нарықтарға жеткiзiп отыр. Ал, қоймалардың лық толық екендiгi белгiлi. Сондықтан, болашақта бағаның тағы да арзандауы әбден мүмкiн».