Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары Дариға Назарбаева Италияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Стефано Раваньянды өз өтініші бойынша қабылдады.
Мәжіліс аппаратының баспасөз қызметінен хабарлағандай, кездесуде қазақстандық-итальяндық ынтымақтастық жайын талқыланып, Миланда және Астанада ЭКСПО-2015 және ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу мәселелері айтылған. Парламентаралық байланысты кеңейту мәселелері де назардан тыс қалмады. Халықаралық күн тәртібіне айрықша назар аударылды. Стефано Раваньян, Қазақстан Президентінің мол саяси тәжірибесін алға тарта келіп, өзекті халықаралық мәселелерді шешуде көрегендік танытудың маңыздылығына тоқталды.