Кейбір жоспарларымызға өзгеріс енгізгенімізге халқымыздың алаңдауына еш негіз жоқ. Бұл туралы бүгін Ақордада өтіп жатқан ҚР Үкіметінің кеңейтілген құрамдағы отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
«Біз әлеуметтік міндеттерді мұқият сақтай отырып, кейбір жоспарларымызға өзгерістер енгізетін боламыз. Бірақ біздің халқымыздың алаңдауына еш негіз жоқ. Оны мен айтқанмын. Біз мұндай өткінші қиындықтарды түгел алапат дағдарыстарға қарамай қайыспай төтеп бергенбіз. Азаттықтың алғашқы жылдарындағы қиындықтарды еске алыңыздар. Азия дағдарысынан, тіпті дүниежүзілік дағдарыстан да табысты өттік. Экономикасы кемімеген санаулы елдердің қатарында болдық. Сол күндердің өзінде бойға қуат, ойға сенім орнаттық. Санамалап атап өткенімдей теріс тенденцияларды жұмсарту үшін өткен жылы көптеген шаралар атқарылды. «Нұрлы жол» бағдарламасы - бұл дағдарысқа қарсы шара. Мен дәл осы жылы қиындықтар болатындығын айтқанмын. Біз алдын орап, осы бағдарламаны қабылдадық. Ол қиын жағдайда экономикамыздың өсім және біздің азаматтарымыз үшін жұмыс орындарын құру нүктесі болып табылады», - деді Елбасы.
ҚР Президенті өз сөзінде бүгінгі Үкіметтің кеңейтілген отырысы кеңес тәртібімен өтетіндігін, Министрлер кабинетінің әрбір мүшесі өз пікірін білдіре алатындығын ескертті. Үкімет мүшелерінің өңірлерді аралап, облыс басшыларымен кездескенін әрі жергілікті кәсіпорындар мен әкімдіктер арасында өзара іс-қимыл туралы меморандумдарға қол қойылғандығын еске салып өтті.