11.02.2015 в 18:27

Президент шағын құраммен жиын өткізді

Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіқалықованың, Президент Әкімшілігінің Басшысы Н.Нығматулиннің, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Б.Байбектің және Президент Әкімшілігінің басшылық құрамының қатысуымен кеңес өтті. 

Мемлекет басшысы өткізген кеңес барысында Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген тапсырмаларды орындау барысын бақылау мәселелері талқыланды. Сондай-ақ дағдарысқа қарсы қабылданып жатқан шараларды жан-жақты жариялап көрсетудің және халықты өзекті мәселелер жөнінде кеңінен ақпараттандырудың негізгі бағыттары қарастырылды.

Кеңес қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.