16.02.2015 в 10:50

Сәрінжіпов мектептегі тегін тамақ жайлы айтты

Мектептерде әлеуметтік жағдайы төмен балаларды тегін тамақтандыруда еш өзгеріс болмайды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов айтты.

«Бүгінгі таңда елімізде 2,5 млн. оқушы болса, олардың 70 пайызы ата-аналарының қаржысы есебінен тамақтанады. Ал қалған 30 пайызы, яғни әлеуметтік жағдайы төмен балалар мемлекет тарабынан тамақтандырылады. Ол ұзақ уақыттан бері жүргізіліп келе жатқан жүйе. Оны біз жалғастыратын боламыз. Еш өзгеріс болмайды», - деді министр.