18.02.2015 в 16:59

ОҚО 522,3 млрд теңгенің өнімін шығарған

Оңтүстік Қазақстан облысында белсенді кәсіпкерлік субъектілерінің саны 128 мыңға жетіп, шағын және орта бизнес субъектілерінің шығарған өнімі 522,3 млрд. теңге болған.

 Бұл туралы тұрғындар алдындағы есепті кездесуде облыс әкімі Асқар Мырзахметов хабарлады Сондай-ақ, жергілікті «Максимум» аймақтық инвестициялық орталығы» арқылы 6,9 млрд. теңгені құрайтын 1395 жоба қаржыландырылған. «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары» 45 мың кәсіпкерге көмек көрсетілген. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 73 млрд. теңгені құрайтын 353 жоба мақұлданып, 2,5 мыңнан астам жұмыс орны ашылған. Осы және өзге де салаларда атқарылған жұмыстар баяндалған жиында өңірдегі барлық аудан, қалаларда салынып жатқан кәсіпкерлік мектептерінің маусым айына дейін пайдалануға берілетіні айтылды. Облыс әкімінің тұрғындар алдындағы есепті кездесуіне ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А.Мамытбеков пен ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы Ж.Естенов қатысты.