19.02.2015 в 09:28

Жаңа президент сайланды

Сәрсенбі күні Грекия парламенті аттарын атап дауыс беру барысында 65 жастағы Прокопис Павлопулосты ел президенті етіп сайлады. Тәжірибесі мол саясаткердің кандидатурасын сейсенбіде республика премьер-министрі Алексис Ципрас парламенттік топтың отырысында ұсынған болатын, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС. 

Павлопулосты СИРИЗА, «Тәуелсіз гректер» партиясы, сондай-ақ «Жаңа демократия» қолдады. Бұл үш партия да 300 орындық бір палаталы парламентте 238 депутатқа иек артады.

Павлопулостың кандидатурасын қолдап СИРИЗА, «Тәуелсіз гректер» мен «Жаңа демократия» партияларының 233 депутаты дауыс берді, ал тағы бір үміткер Никос Аливизатосты бар болғаны 30 парламентарий қолдады.

BNews.kz