23.02.2015 в 14:23

Энергетика министрлігі шығынды азайтты

ҚР Энергетика министрлiгi iс-сапарлардың көлемiн қысқартты. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметiнен хабарлады. 

«Ағымдағы бағдарламалар бойынша әкiмшiлiк, iс-сапаралар және капиталды шығындар 708,9 млн. теңгеге қысқартылды, сондай-ақ талдамалы және ғылыми зерттеулерге деп қарастырылған шығындар оңтайландырылды», делiнген хабарламада.

Жалпы, ҚР Премьер-Министрдiң тапсырмаларын орындау мақсатында ҚР Энергетика министрлiгiнiң бюджетi 2015 жылы 15,1млрд. теңгеге немесе 20,1 пайызға оңтайландырылды.