Владимир Путин Ресей мен Украина соғысады дегенге сенбейді. «Мен мұндай ақырзамандық сценарий жүзеге асады деп ойламаймын. Соғысқа жете қоймайтын шығар» деді ол Россия 1 телеарнасына берген сұхбатында.
Қырымды қайтарғысы келетінін мәлімдеген Петр Порошенкоға жауап ретінде «Қандай да бір территорияны қайтарып алудан бұрын Украина сияқты еуропалық қалыптасқан мемлекет алдымен экономиканы, әлеуметтік саланы, елдің оңтүстік-шығысымен өркениетті қарым-қатынас орнату арқылы халықтың мүддесі мен заңды құқығын қамтамасыз етіп алу керек шығар» деп мысқылдады. Оның айтуынша, Минск келісімін орындаса, осы айтылғандары жүзеге асыруға болатын көрінеді.