Францияда Кассациялық сот «БТА Банкінің» бұрынғы басшысы Мұхтар Әбіләзовтің апелляциялық шағымын қабылдамай, оны экстрадициялау туралы шешімін өз күшінде қалдырды, деп хабарлайды BNews.kz.
Қазақстандық банкир Ресей немесе Украина құзырлы органдарына тапсырылуы мүмкін, деп хабарлайды nur.kz РБК-ға сілтеме жасап.
Әбіләзовті Ресей, Қазақстан және Украинаның құзырлы органдары талап етіп отыр. Қазақстанның құқық қорғау органдары экс-банкир ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, «БТА Банкі» АҚ-нан 6 млрд доллар жымқырды және ұрлық жолмен табылған қаржысын заңдастырды деп айыптауда.
Ресей Әбіләзовтен 5 млрд долларды дауламақ, Украина 400 млн доллар жымқырды деген кінә тағып отыр.
2014 жылдың 24 қазан күні Лион қаласының аппеляциялық соты Әбіләзовті экстрадициялау туралы шешім шығарды. Онда Ресейге тапсырылуы мүмкін екендігі айтылған.
Экс-банкир бұл шешімге шағым келтірген болатын.