06.03.2015 в 11:00

Мамытбеков 20 млрд теңге туралы мәлімдеді

Шаруашылықтарды қолдауға қосымша 20 млрд. теңге қаржы бөлініп отыр. Бұл туралы бүгiн ОКҚ брифингiнде ҚР Ауыл шаруашылық министрi Асылжан Мамытбеков мәлiм еттi.

"Қазір әлемде қалыптасып отырған күрделі экономикалық жағдай біздің елімізге де кері әсерін тигізіп жатыр. Мемлекеттік бюджет шығыстары азайып жатқан кезде, Елбасының тікелей тапсырмасы бойынша ауыл шаруашылығы кешеніне бағытталған мемлекеттік қаржылай қолдау іс-шаралары ұлғайып, "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша қосымша 20 млрд теңге қаржы бөлініп отыр. Осыған қатысты тиісті заң қазір Парламентте қаралып жатыр", - дедi министр.

Оның сөзiне қарағанда, 20 млрд. теңгенің 7 млрд. теңгесі қаржылай сауықтыру аясында кредит пен лизингтің өсу пайызын субсидиялауға бағытталады. 13 млрд. теңгесі мал шаруашылығына және кредит пен несие бойынша сыйақы мөлшерін реттеуге, тағы да басқа шараларға жұмсалады.