18.03.2015 в 11:55

Бүкілресейлік стартап-тур халықаралық шараға айналды

Алғаш рет  рет бүкілресейлік стартап-тур Ресей аумағынан тыс жерде,  2015 жылдың 19-20 наурызында Қазақстанда  Almaty Management University (ALMAUniversity) алаңында өтеді. Алматы қалас – «Стартап-тур-2015» жобасындағы Дондағы Ростов, Томск, Нижний Новгород, Қазан және Екатеринбургтен кейінгі алтыншы қала болады.

 

Ресей үкіметі төрағасының орынбасары Аркадий Дворкович:

«Бүкілресейлік «Стартап-тур – 2015-тің» Ресей аумағынан асып, Еуразия экономикалық одағына мүше елдерде жалғасуы  – біздің жобаның логикалық дамуының көрінісі.  Еуразиялық экономикалық  интеграция  және бірыңғай экономикалық кеңістік құру мәселелерінде инновациялық кеңістік те аса маңызды интеграциялық үрдістердің бірі.  XXI ғасырда прогресс тек жоғары технологиялардың даму негізінде ғана жүзеге асады. Сондықтан бұл салада инновациялық технологияларды бірлесе дамытып, оларды ЕЭК және әлемдік нарыққа шығаратын ғалымдарымыздың, жобалаушылар, кәсіпкерлер мен инвесторлардың өзара тығыз байланысын қамтамасыз ету арқылы бір-бірімізге көп нәрсе бере аламыз. «Стартап-тур- 2015»  Ресей, Қазақстан және Белоруссиядағы инновациялық қауымдастықтар арасында тұрақты байланыс қалыптастырып, бұл бағыттағы маңызды қадам бола алады. Келер жылы өтетін «Стартап-тур-2016-ға» Армения мен Қырғызстан да атсалысатынына сенемін».

Биыл төртінші рет өткізілетін бүкілресейлік «Стартап-турдың» мақсаты – жоғары технологиялы нарыққа қажетті инновациялық шешімдер іздеу және жас жобалаушылардың даму стратегиясын жоспарлауына көмектесу. «Стартап-турдың» алға қойған мақсаттарының бірі – инновациялармен қандай да бір байланысы барлардың бәрі қосылатын, яғни ғылыми-зерттеу ұйымдарының қызметкерлері, ЖОО студенттері мен оқытушылары, шағын, орта және ірі жоғары технологиялық бизнес өкілдері, тәуекелшіл инвесторлар, билік органдарының өкілдері кіретін инновациялық қауымдастықтар қалыптастыру.

Екі күндік «Стартап-тур» бағдарламасының  негізгі бөлігі мынадай бағыттар бойынша конкурс негізінде іріктеуге арналады:

  • Ақпараттық технологиялар;
  • Биологиялық және медициналық  технологиялар;
  • Энергоүнемдеуші технологиялар;
  • Өнеркәсіптік технологиялар және материалдар;
  • Балаларға арналған инновациялар.

Іріктеуге кез-келген заңды тұлға немесе жеке тұлғалар, яғни шағын инновациялық компаниялар, ғылыми ұжымдар, ғалымдар, студенттер, кәсіпкерлер қатыса алады. Идеядан  дайын өнімге дейінгі кез-келген сатыдағы жобалар қарастырылады. «Стартап-тур» қатысушыларына өз жобаларының презентациясын сарапшылар алдында және жобаға қызығушылық білдіретін инвесторлар алдында қорғауға мүмкіндік беріледі.

Көрсетілген әр бағыт бойынша үш жеңімпаз анықталып, оларға Стартап-тур серіктестері мен қосалқы ұйымдастырушылар тарапынан сыйлықтар беріледі, сонымен қатар Ресейде өтетін аса ірі стартаптар конференциясына Startup Village (Мәскеу, 2-3 маусым,  2015 ж, «Сколково» инновациялық орталығы) шақырылады.

Сондай-ақ «Стартап-тур» бағдарламасына инновациялық  жобаларды жүзеге асыру саласының жетекші мамандарының шеберлік сабақтары, семинарлар мен тренингтер кіреді.