04.04.2015 в 11:37

Ыдырысов қырғыз әріптесімен кездесті

Бішкекте ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы аясында Қазақстанның сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов қырғызстандық әріптесі Ерлан Абдылдаевпен екіжақты кездесу өткізді, деп хабарлайды BNews.kz. 

Тараптар кездесу барысында қазақ-қырғыз қарым-қатынасын талқылады, сондай-ақ екі ел де белсенді саяси-экономикалық диалогты, барлық деңгейлердегі байланыстарды қолдайтыны аталып өтті.

Тараптар биылғы жылы екі елдің ынтымақтастығының арқасында бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтар дер кезінде іске асырылатынына сенімділік білдірді.