09.04.2015 в 16:29

Кандидаттан кем түспейтін штаб жетекшілері бар

Сайлау науқаны кезінде жұрттың назары кандидатқа ауып, олардың сайлауалды штабын басқаратындарға ешкім мән бермейді. Штаб басшылары аса танымал болмаса да, саясаттанушылар олардың тұлғалық қасиетіне және атқарып жатқан жұмыстарына қызығушылықпен қарайды.

Мұхтар Құл-Мұхаммед – Н. Назарбаев штабының жетекшісі. Бұрын мемлекеттік хатшы, Мәдениет және ақпарат министрі, облыс әкімі, және Президенттің кеңесшісі болған. Идеология саласының барлық сатысында тәжірибе жинаған тұлға.

Айқын Қоңыров – Т. Сыздықов штабының жетекшісі. Қазір Мәжіліс депутаты, ҚХКП Орталық Комитетінің хатшысы. Саясатқа дейін кәсіпкерлікпен айналысқан, нақты айтар болсақ, баспа ісі бойынша жұмыс істеген.

Рүстем Жоламан – Ә. Құсайынов штабының жетекшісі. Қазіргі уақытта бизнесмен. Бұрын Мемлекеттік басқару Академиясының ректоры, Мәдениет және спорт ведомствосында вице-министр болған.

Штаб жетекшілері айналысып отырған жұмыстарын жақсы білетінін көрсетіп отыр. Әсіресе еріктілерді, сенімді өкілдерді, үгіт-нсихат жұмыстарын ұйымдастыруды меңгерген. Айқын Қоңыров пен Рүстем Жоламанов тіпті өздерінің кандидаттарынан бір мысқал да кем емес.

Менің ойымша, Айқын Қоңыров осы жылғы президент сайлауындағы тәжірибесімен келесі жылы өтетін Парламент сайлауында коммунистік партияның жұмыстарын тәжірибелі саясаткер ретінде атқарады.

 

Марат ШИБҰТОВ