17.04.2015 в 13:57

Елбасы мен Ердоған Түркістанға барды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия Президенті Реджеп Тайып Ердоған Түркістан қаласындағы жаңа мешітке барды.

Бұл туралы Ақорданың Твиттердегі парақшасында хабарлады.

"ҚазАқпарат" анықтамасы: Бауырлас қос елдің басшылары мешіттің салынуы жайындағы келісімге 2000 жылы, Түркістан қаласының 1500 жылдығын тойлау кезінде қол қойған. Аумағы 2 гектар жерді құрайтын мешіттің құрылысын Түркия елі қаржыландырды. Мешіттің мұнараларының биіктігі 33, ал күмбезінің биіктігі 31 метрді құрайды.

Сондай-ақ, жаңа мешіт 2 қабатты және 600 шаршы метр жабық алаңы бар. Сыртында намаз оқитын орны, төменгі қабатта мәдениет орталығы, бірінші қабатта 2 дәрісханасы бар.