Республикада сағат 18:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 89,69 пайызы дауыс берді. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте ҚР ОСК мүшесі Марат Сәрсембаев айтты.
«Орталық сайлау комиссиясының Қазақстан Республикасы Президентін сайлауда сағат 18.00-дегі сайлаушылардың дауыс беруге келуі туралы мәліметті бермекпіз. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының сайлау комиссияларының ұсынған мәліметтеріне сәйкес, 26 сәуірдегі сағат 18:00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 89,69 пайызы сайлау бюллетенін алды», - деді комиссия мүшесі.
М.Сәрсембаевтың атап өтуінше, олардың ішінде, Ақмола облысы бойынша - 94,81, Ақтөбе облысы бойынша - 85,05, Алматы облысы бойынша - 91,17 , Атырау облысы бойынша -92,96, Шығыс Қазақстан облысы бойынша - 93,55, Жамбыл облысы бойынша - 92,97, Батыс Қазақстан облысы бойынша - 90,16, Қарағанды облысы бойынша - 91,12, Қызылорда облысы бойынша - 93,68, Қостанай облысы бойынша - 91,27, Маңғыстау облысы бойынша - 88,45, Павлодар облысы бойынша - 90,23, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша - 93,86, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша - 93,55, Астана қаласы бойынша - 88,29, ал Алматы қаласы бойынша - 73,17 пайызды құрайды.
Айта кетейік, дауыс беру республика бойынша 9741 сайлау учаскесінде жүріп жатыр.