06.05.2015 в 10:00

70 түп алма ағашы отырғызылды

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК Жеңістің 70 жылдығының құрметіне арнап 70 алма ағашын отырғызды

Қазақстанда инновациялық технологиялар өнеркәсіптік өндірістерде және үлкен маңызға ие нысандарды салу кезінде ғана қолданылмайды. Энергия үнемдейтін технологияларды оқушылар да қолданады, олар жастайынан экологиялық қозғалысқа атсалысып, қоршаған ортаны қорғау ісіне өз үлесін қосуда.

Дәл осындай мектепте «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы Жеңістің 70 жылдығының құрметіне арнап 70 алма ағашын отырғызу іс-шарасын ұйымдастырды.