12.05.2015 в 15:13

Путин мен Керри кездеседі

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бүгін Владимир Путин Сочиде АҚШ мемхатшысы Джон Керримен кездесу өткізетінін растады, деп хабарлайды BNews.kz.

Песковтың айтуынша, Ресей мен АҚШ қарым-қатынасы кездесудің басты тақырыбына айналмақ. «Кездесу аясында санкция тақырыбы қозғала ма?» деген сұраққа Песков «бұл біздің тақырып емес» деп жауап берді.

Песков Керридің Сочиге сапарын «өте дұрыс шешім» деп бағалап, екі ел арасындағы қарым-қатынастың салқындауына Ресей ешқашан бастамашы болмағанын атап өтті.

Ақ үй дүйсенбі күні Керри Сергей Лавровпен келіссөз жүргізгеннен кейін Путинмен кездесетіні туралы хабар таратқан болатын. Алайда Кремль АҚШ мемхатшысының РФ басшысымен кездесуін бүгін ғана растады.