15.05.2015 в 09:16

ҚТЖ басшылары Мәскеуде форумға қатысты

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ вице-президенті Берік Камалиев бастаған делегация Мәскеудегі «Жолаушылар форумына» қатысты, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен. 

Жиын жолаушылар көлігін дамытудың стратегиясына қатысты көптеген мәселеге арналған. Оның ішінде, жолаушылар тасымалын барынша қолайлы әрі тиімді, қолжетімді ету мақсатында жүрдек және аса жүрдек бағдарларды, қаларалық қатынасты жақсартуды, сонымен қатар түрлі жолаушылар тасымалдайдын көлік түрлерінің өзара қатынасын дамытуды көздейді.

Форумға жолаушылар көлігін дамыту саласындағы жоғары білікті мамандар, бизнес өкілдері, салалық ғылым мен қоғамдық мекемелердің өкілдері қатысты.

«Жолаушылар форумы» 2011 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді. Мамандардың айтуынша, аталған шара жолаушылар көлігін дамытудың нақты мақсаттарын көрсетіп отырады.

Қазақпарат