21.05.2015 в 12:04

Экономикалық даму көрсеткіші жоғарылайды

Алдағы уақыттары Қазақстанның экономикалық даму көрсеткіштері жақсарады. Бұл туралы бүгін Астана экономикалық форумында Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлім етті.

«Жаһандық өзгерістерге қарамастан, Қазақстан алдағы жылдары экономиканың даму көрсеткіштерін жақсартады деген болжам бар. Ресей рублінің девальвациясына және ЖІӨ-нің 1,5 пайызға дейін төмендеп кетуіне қарамастан, Қазақстан өзінің ЖІӨ-ін 1,8 пайыз көрсеткішінде сақтап қала алды. Бұл соншалықты жаман көрсеткіш емес. Оның үстіне, жылдың соңына дейін оның деңгейі 3,5 пайыздан жоғары болады деп күтілуде», - деді ол.

Оның айтуынша, жаңа экономикалық серпінге ЕАЭО-тағы әріптестермен тығыз нарықтық ықпалдастықтың, шетел инвесторларын тарту және жаһандық көліктік-логистикалық жобаларға қатысу арқылы қол жеткізу көзделуде.

«Біз ЕАЭО аясындағы стратегиялық әріптестермен бірге ықпалдастықты тереңдете беретін боламыз. Қытайдан Еуропаға Жаңа Жібек жолы бағдарламасына да белсенді қатысады. Қазақстан осы мүмкіндіктерді толықтай пайдаланатын болады. Тікелей шетелдік инвестициялар болу үшін бұл мүмкіндіктер қажет. Ол үшін инвесторларға ерекше жағдайлар жасалуда. Мүмкін, шетел инвесторлары Қазақстанның жаңа секторларына да тартылуы ықтимал», - деп түйді сөзін министр.