27.05.2015 в 16:54

Қырылған киіктің саны көбейіп барады

Қазіргі кезде Қостанай және Ақтөбе облыстарында киіктердің өлексесін жою жұмыстары аяқталды. Бұл туралы бүгін Астанада ҚР АШМ вице-министрі Ерлан Нысанбаевтың төрағалығымен киіктердің қырылуы мәселесіне арналған жұмыс тобының отырысында белгілі болды.

Атап айтқанда, Қостанай және Ақтөбе облыстарында қырылған киіктердің саны 112 мың 475-ке жетті.

Ал Ақмола облысының Жарқайың және Жақсы аудандарында қазіргі кезде 8502 киіктің өлексесін жою шаралары жүргізілді. Олардың  ішінде 90 пайызы - аналық жануарлар.

Министрліктегілер жабайы жануарлардың жағдайын мониторингілеу мен киіктердің қырылуы себептерін анықтау шаралары жалғасып жатқандығын хабарлады.

Қазақпарат