01.06.2015 в 16:11

«Орталық Азия – 2020" болжау баяндамасы таныстырылады

ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты мен Ф. Эберт қорының Орталық Азиядағы өкілдігі 2015 жылдың 18 маусым күні «Жаһандық трендтердегі Орталық Азия» атты халықаралық конференция өткізеді. Бұл туралы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының баспасөз қызметі хабарлады. 


Шара барысында әлемдік саясат пен экономика, қауіпсіздік мәселелері, Орталық Азияның аймақтық даму трендтері өзекті тақырыптар талқыланады. Конференцияда ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының ұжымы әзірлеген «Орталық Азия – 2020: аймақ үшін 4 стратегиялық тұжырым» атты баяндама таныстырылады. 
Конференцияға Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Ауғанстан, Ресей, Қытай, Иран, Ұлыбритания, АҚШ, Түркия елдерінің сарапшылары мен ҚР мемлекеттік органдарының, БАҚ, Қазақстанда тіркелген дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады.