02.06.2015 в 10:46

20 мың сұрағы жаңарған ҰБТ басталды

ҰБТ сұрақтарының 20 мыңы жаңартылды. Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлім етті. 

«Биыл ҰБТ сұрақтарының 20 мыңы жаңартылды. Мұқият қарап шықтық. Оның басым бөлігі логикалық сұрақтар», - деді ол тілшілерге берген сұхбатында.

Биыл ҰБТ-ға жалпы 87 мыңнан астам оқушы қатысады деп жоспарланған. Бұл, жалпы түлектер санының 71 пайызы. Олардың ішінде қазақ тілді оқушылар саны - 62 мыңнан асады, ал 25 мыңы - орыс тілді.

Айта кету керек, биыл 12 жылдық оқу бағдарламасымен мектеп бітірген оқушылар алғаш рет ҰБТ-ға қатысады. Түлектерге үлкен өмірге жолдама беретін Ұлттық тест 2-8 маусым аралығында өтеді.

Республика бойынша, 165 пункт жарақталды. Айта кету керек, биылдан бастап, ҰБТ-ның ережелері өзгертілді.

Қазақпарат