30.06.2015 в 10:00

Әлиев әйелін әкесінің атындағы орденмен марапаттады

Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев өзінің әйелі Мехрибан Әлиеваны әкесі Гейдар Әлиев атындағы орденмен марапаттады. Бұл туралы Республика президентінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Әзірбайжан бірінші ханымының мұндай атаққа ие болуының басты себебі, ол жақында Бакуде өткен Еуропа ойындары ұйымдастыру комитетінің төрайымы болған. Спорттық шара кезінде елдің ұлттық құндылықтарын жоғары деңгейде насихаттап, жарысты өз дәрежесінде ұйымдастырылды деп есептейді ресми билік.