ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің «Астана» өңірлік қолбасшылығында бригадалық-тактикалық оқу-жаттығулар өтіп жатыр. Онда әскери қызметшілер тапсырмаларды орындау бойынша жауынгерлік үйлесімділік пен далалық дағдыны жетілдіреді. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл оқу-жаттығулар далалық жағдайларда ғана емес, сонымен бірге қосымша қиындықтары бар таңсық таулы жерде өтетіндігімен ерекшеленеді. Күрделі тапсырмалардың бірі түнгі жауынгерлік іс-қимылдарды пысықтау болды, өйткені, шартты қарсылас қараңғылықты пайдаланып шабуыл жасауы мүмкін. Мұндай жағдайларда бөлімше командирлері бөлімшелердің өзара іс-қимылын сауатты басқаруы және ұйымдастыруы тиіс. Осыған байланысты, олардан жоғары кәсіби шеберлік қажет етіледі, ал жауынгерлік іс-қимылдарды сәтті өткізу батальон және дивизион командирлеріне байланысты.
Оқу-жаттығуларға «Астана» өңірлік қолбасшылығының барлық штаттық техникасы тартылды. Атап айтқанда, ЖӘЖМ, бронетранспортерлар, танктер, артиллериялық қондырғылар, оқ ату қару-жарағы. Одан басқа, майдандық және армиялық авиацияны қолдану жоспарлануда. Оқу-жаттығуды «Астана» ӨңҚ әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Сұлтан Камалетдинов басқарады.
Бүгінгі таңда оқу-жаттығу орталығында взводтардың жауынгерлік оқ атулары өтуде. Оқу-жаттығуларды өткізу орындарында тылдық, техникалық және медициналық қамтамасыз ету орналастырылған.
Марш жасағаннан кейін оқу-жаттығуға қатысушылар жауынгерлік іс-қимылдарға дайындықты бастады. Әскери қызметшілер бригада құрамында шабуылдау орнына шығады. Оқу-жаттығу жоспары бойынша қорғанысты ұйымдастыру, әскерлерді қамтамасыз ету, шартты қарсыластың базасын жою және әскерлерді басқару пысықталатын болады.