01.07.2015 в 09:58

Сирияға кетпек болған қазақстандықтар анықталды

Алматыда кәсіпкерге қаршылық шабуыл жасаушылар қаржысын тартып алу арқылы Сирияға аттанбақ болған. Бұл туралы ІІМ экстремизммен күрес департаментінің басшысы Еркін Қалиев мәлім етті.

«Алматыдағы арнайы операция кезінде экстремистердің біреуі оқиға орнында қаза тауып, екіншісі ұсталды. Олар Сирияға кетпек болған. Жолға қаражат табу үшін осындай әрекетке барған» деді Е. Қалиев.

Қазақстан да Орталық Азияның өзге мемлекеттері сияқты экстремистердің әрекеттерін бастан өткергенін атап өткен ол, 2011-2012 жылдары елімізде 12-13 оқиға тіркелгеніне тоқталды. Осы оқиғалар нәтижесінде құқық қорғау органдарының 19 қызметкері қаза тауып, 16-сы жарақат алған екен. Ерлік көрсеткен полицейлер 67 экстремистің көзін жойған. 119 адам ұсталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылған.