01.07.2015 в 10:19

Астананың 5 жылдан кейінгі келбеті

«Астана Бас жоспары ғылыми-зерттеу жобалау институты» ЖШС-ның мәліметтеріне сүйене отырып, Today.kz 2020 жылға дейін Астанада пайда болатын нысандардың макеттерін ұсынды.

Қаланың шығыс аумағында "Мыңжылдық" аллеясының белдеуінде тәулігіне 35 мың жолаушыны қабылдай алатын темір жол вокзалы пайда болады.

Жедел қалаішілік теміржол көлігі пайда болуы да мүмкін. Алғашқы бағыты 22,4 шақырымды құрайтын желі әуежай мен жаңа темір жол вокзалын жалғайтын болады.

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің ғимараттарын да естен шығармаған жөн. Нысанның жалпы аумағы 174 гектар. Ол Қабанбай батыр, Хұсейн бен Талал, Орынбор және Рысқұлов көшелерінің қиылысында орналасқан.

baq.kz