Ақтау әкімі ауысты. Қаланың басшысы қызметіне Серікбай Трумов келді, - деп хабарлайды Lada.kz. Қаланың жаңа әкімін тұрғындарға Маңғыстау облысының басшысы Алик Айдарбаев таныстырды.
Осыған дейін Серікбай Трумов Жаңаөзен әкімі қызметін атқарған. Ол еңбек жолын 1981 жылы "Мангышлаксельстрой-12" трестінде бетоншы қызметінен бастады. Әр жылдары Түпқараған ауданы әкімшілігіне жетекшілік етті. 2006 жылдың қарашасынан 2008 жылдың қарашасына дейін Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметінде болды. Отбасылы, бес баланың әкесі.
Айта кетейік, осыған дейін Ақтау әкімі болған Еділ Жаңбыршин қызметінен өз еркімен кетті. Ол қала әкімі қызметін 2012 жылдың қыркүйегінен бастап атқарды. Ал оның қызметтен кететінін күні бұрын білген жергілікті халық әлеуметтік желіде ендігі экс-әкімді қорғап шыққан болатын.